Атаулы әлеуметтік көмек нәтижелері қандай?

801 Views

Мемлекет халық тұрмысын жақсарту мақсатында көптеген игі бастамалар жасап, оны жұрт мүддесіне қарай оңтайластыру амалын қарастыруда. Мәселен, атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын айтсақ болады. Ауданда 2021 жылдың 1 сәуір жағдайына жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 802 отбасының 4496 адамына 78,7 млн. теңге тағайындалып, бүгінгі күнге толықтай төленіп берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға тапсырыс беріліп, 15 ауылдық округтерге азық түлік жиынтығы (о.і. қаңтар – 997, ақпан – 1004, наурыз – 962 балаға берілді) және тоқсанына 1 рет берілетін тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы толығымен таратылып берілді. (І тоқсан – 962 балаға берілді).
Атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты – аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы отбасының кедейшілік шегінен шығуға ынталандырылады.
Былтырғы жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1538 отбасы, яғни 8095 адамға жеткен. Оның ішінен 240 отбасы мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып өз кәсіптерін ашып және 52 азаматты тұрақты жұмысқа жолдау арқылы кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылар санатынан шығарылды.
Ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 911 отбасы, яғни 4941 адам атаулы әлеуметтік көмегін алуға қамтылған. Оның ішінен еңбекке қабілетті азаматтарды «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының белсенді шараларына (тұрақты жұмысқа – 4, қоғамдық жұмыс орындарына – 42, әлеуметтік жұмыс орындарына – 11, жастар тәжірибесіне – 1 адам жолданған, қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға – 51 адамға берілген) тартылған. Нәтижесінде орташа табыстары көбейіп, жан басына шаққанда кедейлік шегінен асып кеткендіктен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азайған. Жыл соңына дейін аталған бағытта аз қамтылған отбасылармен тығыз жұмыстар жүргізілетін болады.

Сәуле Умеева,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы.

Поделиться ссылкой: