Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Бірлік күніне орай Құлан мектеп-гимназиясында «Бірлігіміз жарасқан» деген тақырыпта іс-шара өтіп, 8 «Ә» сынып оқушылары ұлты қарашай болғанымен, жүрегі қазақ деп соғатын Бостанова Роза апайдың үйіне барды. Жәй барып қойған жоқ, Роза апайдың батасын алып, оның ауласын абаттандыруға көмек қолын созды. Аталмыш шараға белсене атсалысқан Дидар Дүйсенбек, Дәурен Жақан, Самат Қияс, Бақдәулет Тоқтар, Аслан Нұрабайұлы, Айбын Сатыхан секілді мектеп оқушыларына Бостанова Роза апай дән ризашылығын білдірді. Ақ батасын берді.
Дана халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Біз «Бірлігіміз жарасқан» деген сөзді ұдайы айтамыз. Меніңше, мызғымас татулықты осындай ілкімді іс-шаралар арқылы білдірсек нұр үстіне нұр болар еді. Әлемді жайлаған індет өршіп тұрған кезде біздің ел ұлардай ұйып отырған берекелі бірлігін әлемге паш етті. Лайым солай болғай. Құдайым әрқашан бейбіт өмірде күн кешуді жазсын.
Гүлжамал Асилова,
Құлан мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы.