495 Views
Аудандық прокуратура қызметкерлері әр тоқсан сайын түрлі сипаттағы қылмыстарға мониторингтік талдау жүргізіп отырады. Осы жоспарға сәйкес жуырда өткен жылдың қорытындысымен биылғы жылдың нәтижесі салыстырылды. Атап айтар болсақ, 2021 жылдың 4 айында алаяқтық сипатында жасалған қылмыстарға талдау жүргізілді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, 2021 жылдың 4 айында 2020 жылмен салыстырғанда қылмыстар жасау саны күрт өскен. Яғни, аталмыш бағыттағы қылмыстың саны 74-тен 86-ға өсіп, пайыздық үлесі 16,2% құрады. Ал, алаяқтық қылмыс 14-тен 28-ге өсіп, 100%-ды құрап отыр.
Жалпы қылмыспен күрес соның ішінде алаяқтық қылмыс түрлерімен күресу жолында аудандық полиция бөлімінің жедел бөлімшелері киберқылмыстар және қаржылық пирамидалардың жұмысын зерделеп, ол бойынша ауқымды істер атқаруда. Яғни, «Instaqram» интернет желісінде «ryskulov_police» парақшасы ашылып, онда күнделікті алаяқтық соның ішінде желідегі алаяқтықтың алдын-алуға бағытталған ақпараттар салынып, халыққа заң тұрғысында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ақпараттандыру мақсатында мақалалар жаряланып, сан түрлі бағыттағы фото, видео түсірілімдер көрсетілуде.
Алайда, бұл бағытта атқарылған жұмыстың көлемділігіне қарамастан, аудан тұрғындары тарапынан жіберілген бірнеше олқылықтар бар. Дәлірек айтар болсақ, олар өз қолдарымен қылмыскерлерге алаяқтыққа жол беріп жатқан жәйіттері әлі де кездесуде. Яғни, бүгінгі таңда жәбірленушінің ұялы телефонына белгісіз адамдар хабарласып, өзін «банк немесе басқада мекеме қызметкерімін» деп таныстырып, жәбірленушінің есеп шотынан күдікті ақша аударымдары жасалып жатқаны туралы хабарлап, банк карточкасының номерін хабарлауды сұрап, соның салдарынан алаяқтық жолмен ақша аударып алу, жәбірленушілердің атынан белгісіз тұлға банктен несие рәсімдеп алу, «Колеса» және тағы басқа сайттар арқылы автокөлік немесе ұялы телефон, планшет және т.б. алмақшы болып алдын-ала ақша аударғандар, әр түрлі интернет сайттарда «ақша салсаң, екі есе қылып қайтарып береміз» деген жарнамаларға өз еріктерімен ақша аударып, «жұмысқа орналастырамын» деп алаяқтық жолмен қаражат иемдену сияқты қарапайым жолдармен жасалған алаяқтық сипатындағы қылмыстар әлі күнге дейін жалғасын табуда.
Сондықтан да біз өз мүліктеріңізге өздеріңіз ие болып, мұндай алаяқтарға жеңіл жолмен олжаға орануға жол бермеу керектігін ескертеміз.
Жоғарыда аталған деректерге сүйене отырып, Сіздердің назарларыңызға аудан көлемінде болып жатқан қылмыстарға куә болып жатқан жағдайлар болса оны жасырмай, құқық қорғау органдарына немесе аудан прокуратурасына хабарлап, құқық қорғау органдарына тергеу амалдарын жүргізуге өз үлестеріңізді тигізуге шақырамыз.
Е.ЖОЛДАСОВ,
аудандық прокуратураның
аға прокуроры.
Поделиться ссылкой: