Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталған болатын. Президент өз сөзінде: «Жайылым мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда», — деген еді. Мемлекет басшысы жайылымның 99 пайызы шаруа қожалықтардың иелігінде екенін алға тартты. Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылатынын, қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатқанын мәлімдеді. Осыған байланысты Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырған болатын.
Бүгінде аталмыш бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған. Тіпті, Президенттің бұл бастамасына «Nur Otan» партиясы да үн қосып, мәселенің оң шешілуіне өз ықпалдарын тигізуде.
Күні кеше ауданымызға осы мақсатты көздеген «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Жақсыбек Ортаев пен Ерғали Омаров арнайы іс-сапармен келді. Олар аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков бастаған әріптестерімен бірге бірнеше ауылдық округтерді аралап, жайылымдық жерлерді қайтарып алу бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды зерделеп көрді. Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері ең алдымен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Д. Жанәділовпен тілдесті. Аудан аумағы көрсетілген арнайы картаға көз тастап, жайылымдық жерлердің жай-жапсарына қанық болды.
Жалпы біздің ауданда қолда бар мал басын жайып, бағуға болатын 677 818 гектар жер бар. Бұл аудан аумағының 80,2 пайызына тең. Ал, статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, ауданда бас-аяғы 510 742 бас төрт түлік тіркеліпті. Оның 33 639 басы ірі қара болса, 19 347-сы жылқы. Сондай-ақ, ауданда 60 түйе мен 460 мыңға жуық уақ мал бар екен. Аталмыш мәліметтерді бақылау комиссиясына бөлім басшысы Д. Жанәділов мәлімдеп берді. Оның айтуынша бүгінде тұрғындарға жайылымдық жерлерді қолжетімді ету мақсатында 13 ауылдық округтердегі шаруа қожалық иелерімен арнайы меморандум жасалыныпты. «Біз бірқатар шаруа қожалық иелерімен арнайы келісімге келдік. Яғни, алдағы уақытта елді мекенге жақын орналасқан жерлерге сол ауылдың тұрғындары төрт түлігін шығара алады. Сонымен қатар, егін алқабы орылып алғаннан кейін де сол аумаққа үйдегі малды бір мезгіл жайып алуға кейбір шаруалар өз келісімін беріп отыр. Бұл үйдегі малдың қоңды болуына өз әсерін тигізеді деген үміттеміз. Бүгінгі күнге дейін жасалған бұл істі әрмен қарай да жалғастыра береміз» деп атқарылып жатқан жұмыстарды, игі бастамаларды баяндап берді. Партиялық бақылау комиссиясының өкілдері бұл бастаманы бармақпен бағалауға болатынын айтып, өзге өңірлерге үлгі ретінде көрсету керектігін жеткізді.
Сондай-ақ, арнайы іс-сапармен ауданға келген комиссия өкілдері Қарақыстақ және Жаңатұрмыс ауылдық округтеріне арнайы барып, жайылымдық жерлерді өз көзімен көріп, ауыл әкімдерімен бірге бірнеше мәселелерді талқылады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.