23 маусым – Қазақстан полициясы күні
41 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Өткен аптаның жұмасында аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Оған дін саласының мамандары, әкімдік қызметкерлері және жастар қатысты. Сондай-ақ, аталмыш семинарға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам университетінің оқытушысы Ризабек Батталұлы да қатысып, семинар қонағы дін төңірегіндегі бірқатар мәселелерге тоқталды.
«Дін мен дәстүр» тақырыбында өткен семинарда спикер теріс діни ағымдардың сыртқы және ішкі белгілерін түсіндірді. Сондай-ақ, дәстүр мен діннің бір-біріне қарсы еместігін, керісінше олар бір-бірін толықтырып отыратындығын алға тартты. Іс-шара барысында аудандағы дін саласының мамандары тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, аталмыш сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.
«Құлан таңы» ақпарат.