Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
7 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Айару Каипова Талдықорған қаласында классикалық шахматтан 8 жасқа дейінгі балалар арасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының Кубогының бірінші кезеңінде жүлделі бірінші орын иеленді. Бұл жаңалықты бізге Айарудың әкесі әрі жаттықтырушысы Ниязбек Каипов жеткізді. Биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған турнир зияткерлік спорттың дамуына сүбелі үлес қосқан Төлеуғазы Кәріпбаевты еске алуға арналып отыр екен. Талдықорған қаласында ұйымдастырылған ҚР Кубогының жарысына республиканың әр аймағынан және Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстаннан келген 300-ге жуық ойыншы қатысып жатыр. Естуімізше, олар швейцариялық жүйе бойынша өзара үздіктерді анықтайды. Жеңімпаз атанған ұл-қыздар қаржылай сыйақымен марапатталады. Талдықорғандағы жарыста жерлесіміз Айару Каипова өзінің шеберлігін тағы да дәлелдеп, жүлделі бірінші орынмен қатар 100 000 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Ескерте кетейік, бұл жарыс Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар және Алматы облысында өтетін 6 кезеңнен тұрады. Финалдық кездесулер қараша айында Алматы қаласында ұйымдастырылады. Айаруды кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Көзі қарақты жұрт білетін болар, Айару Каипова былтыр желтоқсан айында Тайландта өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да командалық сайыста жеңімпаз атанып, ел қоржынына алтын медаль сыйлаған болатын.
Марат Диханбай.