Жеңіс туы желбіресін!
95 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Қазіргі цифрлық дәуірде жасанды интеллект адам өмірінің барлық саласына, соның ішінде білім жүйесіне де терең еніп келеді. Жаңа технологиялар оқытудың сапасын арттырып, білім беруді тиімді етуге көмектеседі.
Бірақ жасанды интеллект білім саласына қаншалықты қажет? Ол дәстүрлі оқыту жүйесін алмастыра ала ма, әлде тек көмекші құрал ретінде қалуы керек пе?
Жасанды интеллект білім беру жүйесінде қалай қолданылады?
Бүгінде жасанды интеллект білім саласында бірнеше бағытта қолданылады. Олар:
1. Жасанды интеллект әр оқушының қабілеті мен білім деңгейіне сәйкес оқу жоспарын құруға көмектеседі. Мысалы, Coursera, Khan Academy сияқты платформалар қолданушының жауаптарына қарай деңгейін анықтап, соған сәйкес материалдар ұсынады.
2. Мұғалімдерге көмектесетін жасанды интеллекттің ең үлкен артықшылықтарының бірі – тесттерді, эсселерді және басқа тапсырмаларды автоматты түрде бағалау мүмкіндігі. Бұл уақытты үнемдеп, бағалаудағы субъективтілікті азайтады.
3. Жасанды интеллект негізіндегі білім беру платформалары интерактивті сабақтар мен бейне лекциялар ұсынады. Бұл дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда әлдеқайда тартымды әрі тиімді оқыту әдісі.
4. Көру және есту қабілеті шектеулі адамдарға арналған құралдар. Жасанды интеллект көмегімен мүгедектігі бар адамдарға арнайы оқыту бағдарламалары жасалады. Мысалы дауысты мәтінге айналдыру, мәтінді дыбыстап оқу сияқты технологиялар мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен көмек.
5. Қолжетімді білім – әлемнің кез келген нүктесіндегі адамға сапалы білім алу мүмкіндігін ұсынады.
6. Креативті ойлау мен инновация – оқушыларға стандартты әдістерден тыс, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйретеді.
Бұл жасанды интеллекттің жағымды әрі пайдалы жақтары деп қарастырсақ, енді кемшіліктеріне тоқталып өтсек. Жоғарыда келтірген пайдалы жақтарына мән берсек, «Жасанды интеллект мұғалімдерді алмастыра ала ма?» деген сұрақ туындайды. Менің пайымдауымша әрине, жасанды интеллект мұғалімнің орнын баса алмайды. Себебі адам баласының эмоциясын, шығармашылық көзқарасын толық түсінуі қиын. Әрі онлайн білім платформаларында қолданушылардың жеке деректері қалай қорғалады? Бұл үлкен мәселе. Жасанды интеллектті жиі қолданған сайын адамдық қарым-қатынас азайып, мұғалім мен оқушы арасында байланыс шектелуі мүмкін. Сәйкесінше баланың қоғамға, ортаға бейімделуі төмендейді.
Жасанды интеллект білім беру жүйесінде үлкен рөл атқарады және оның тиімділігін арттырады. Дегенмен ол мұғалімдердің орнын баса алмайды. Тек көмекші құрал ретінде қызмет етеді. Жасанды интеллектті дұрыс қолдана білсек, білім жүйесі әлдеқайда қолжетімді болмақ. Бірақ оның кемшіліктері мен қауіптерін де ескеру қажет. Жасанды интеллект – болашақтың бір бөлігі. Бірақ оны білім саласына ақылмен енгізу керек.
Әсем Тастанбек,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 4 курс студенті.