СЕНОВАЛ как объект ПОЖАРА
22 ViewsС наступлением осеннего периода в сельской местности, агрофирмах и других сельхозпредприятиях области происходит большое количество пожаров в местах заготовки и хранения грубых кормов. Ежегодно…
Шілде айының алғашқы күндері еліміздің басты
мерекелерінің бірі – Астана күні мен Ұлттық домбыра
күні ауданның орталық саябағында кең көлемде
аталып өтті.
Мерекелік кешке жиналған аудан тұрғындары
әсем ән мен күмбірлеген күйден рухани ләззат
алды. Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет
үйінің өнерпаздары көрерменге мерекелік концерт
ұсынып, халық әндері мен ұлттық күйлерді орындады.
Домбыраның қоңыр үні даланың дархан рухын дәріптеп,
өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында Ұлттық домбыра күніне орай
өнерпаздар бір мезетте күй орындап, ұлттық өнерге
деген құрметтің жарқын үлгісін көрсетті.
Мазмұнды мерекелік кеш тұрғындарға көтеріңкі
көңіл-күй сыйлап, елдік пен бірліктің, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.