23 ТАМЫЗДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

18 Views

Құрметті аудан тұрғындары!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан
Республикасының тарихында тұңғыш
рет Құрылтай депутаттарының сайлауы
өтеді.
Құрылтай біртұтас жалпыұлттық
сайлау округі бойынша пропорционалды
өкілдік жүйесі негізінде конституциялық
заңда белгіленген тәртіппен сайланатын
145 депутаттан тұрады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы
депутаттарының сайлауына қатысуға
Қазақстан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясының бекіткен
қаулыларына сәйкес 7 саяси партия жіберілді. Атап айтқанда:

– «Қазақстанның «Ақ жол»
Демократиялық Партиясы»
– «Ауыл» партиясы»
– «Әділет» саяси партиясы»
– «Жалпыұлттық социал-демокра-тиялық партия»
– «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар
партиясы»
– «Қазақстан Халық партиясы»
– «Respublica» партиясы».
Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік
іс-шаралар жоспарына сәйкес:
– 2026 жылғы 2 шілде мен 13 шілде
(сағат 18:00-ге дейін) – партиялық
тізімдерді ұсыну кезеңі;
– 2026 жылғы 23 шілде (сағат 18:00-ге дейін) – партиялық тізімдерді тіркеу;
– 2026 жылғы 11 шілдеге дейін –
аумақтық сайлау комиссияларының
құрамы мен олардың орналасқан жерлері
туралы мәліметтер жарияланады;
– 2026 жылғы 16 шілдеге дейін –
учаскелік сайлау комиссия құрамдарын,
сайлау учаскелерінің шекаралары және
сайлау комиссияларының орналасқан
жерлері жарияланады;
– 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-ден 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін –
сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңі;
– 2026 жылғы 2 тамызда учас келік
сайлау комиссияларына сайлаушылардың тізімдері акт бойынша беріледі;
– 2026 жылғы 7 тамыздан бастап,
сайлаушылардың өздерін сайлаушылар
тізіміндегі деректерімен таныстыру
жұмыстары жүргізіледі;
– 2026 жылғы 22 тамыз – тыныштық
күні;
– 2026 жылғы 23 тамыз – дауыс
беру күні.
Құрметті аудан тұрғындары!
Құрылтай депутаттарының сай-лауын ұйымдастыру және өткізу үшін
Т.Рысқұлов ауданында 37 сайлау
комиссиясы жұмыс істейтін болады.
Оның ішінде 7 мүшеден тұратын 1
аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
және 226 мүшеден тұратын 36 учаскелік
сайлау комиссиясы сайлау науқанын
ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз
етеді.
М.ТЛЕПОВ,  Т.Рысқұлов аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий