СЕНОВАЛ как объект ПОЖАРА
16 ViewsС наступлением осеннего периода в сельской местности, агрофирмах и других сельхозпредприятиях области происходит большое количество пожаров в местах заготовки и хранения грубых кормов. Ежегодно…
Еріктілік – жанашырлық пен
мейірімділіктің, бірлік пен ынтымақтың
жарқын көрінісі. Елдің дамуына үлес
қосып, адамдарға қолдау көрсетуге
бағытталған бұл игі бастама бүгінде
ерекше маңызға ие. Сондықтан белсенді
жастардың еңбегі әрдайым құрметке
лайық әрі көпшілікке үлгі.
Еріктілікпен айналысу үшін
арнайы мамандықтың немесе ерекше
дайындықтың болуы міндетті емес.
Айналасына пайдасын тигізуге ниетті,
жауапкершілігі жоғары, белсенді
және жанашыр кез келген жас ерікті
бола алады. Ең бастысы – өзгелерге
көмектесуге деген ықылас пен қоғамдық
жұмыстарға атсалысуға деген ынта.
Осындай қасиеттерге ие жастар еріктілік
қызметі арқылы өздерінің қабілеттерін
дамытып, қоғам өміріне оң үлес қоса
алады. Айта кетейік, бұл бағыттағы
жұмыс ешқандай материалдық
сыйақы күтпестен көпшілік игілігі
үшін атқарылады. Ерікті жастар өз
уақытын, күш-жігері мен білімін мұқтаж жандарға арнап, адамгершілік
пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін
көрсетеді.
Бүгінде белсенді жастар өңірдің
түрлі салаларында нәтижелі еңбек
етуде. Халықаралық волонтерлер
жылы аясында және аудандық
Жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыруымен аудан көлемінде
бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілуде.
Ерікті жастар арасында экологиялық
акцияларға қатысып, қоршаған ортаны
қорғау бағытындағы жұмыстарға
белсене атсалысты. Сонымен қатар
қоғамдық орындарды тазалап,
тазалық мәдениетін қалыптастыруға
және қайырымдылық шараларын
ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі
азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың
алғысына бөленуде.
Осындай игі бастамалар
арқылы жастар өзара түсіністік
пен ынтымақтастықтың нығаюына
елеулі үлес қосып келеді. Еріктілік жастар үшін үлкен мүмкіндік алаңы
болып табылады. Соның арқасында
олар жаңа орта қалыптастырып,
тәжірибе жинақтайды, көшбасшылық
қасиеттерін жетілдіреді және азаматтық
белсенділігін арттырады.
Қорыта айтқанда, еріктілік –
жүректен шыққан жақсылықтың айқын
көрінісі. Ел игілігі үшін жасалған әрбір
қайырымды іс адамдардың өміріне оң
өзгеріс әкеледі. Сондықтан осындай
азаматтардың еңбегі қашанда жоғары
бағалануы тиіс. Бұл қозғалыс –
мейірімді қоғам қалыптастырудың
және жастардың жарқын болашағына
жол ашудың маңызды тетігі. Әрбір жас
осындай игі іске белсене қатысу арқылы
ел дамуына өз үлесін қосып, өзгелерге
өнеге бола алады.
Аяужан ЖАЙЛАУ,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпараттық талдау және
мониторинг жүргізу бөлімінің маманы.