МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ
ПРЕЗИДЕНТКЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІ»
ҚОҒАМЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ,
ҚАЗАҚША МАЗМҰНДЫ БАЙЫТУ
ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
САЛАСЫНДА ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫС
АЯСЫН КЕҢЕЙТУ СЕКІЛДІ ҮШ
НЕГІЗГІ БАҒЫТ БОЙЫНША
ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫП ЖАТҚАНЫ ЖӨНІНДЕ
БАЯНДАЛДЫ.
Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясымен
бірлескен жоба аясында көлемі 14 миллиард
токен болатын мәтін корпусы қалыптасқанын
және 12 мың сағат аудиожазба жинақталғанын
айтты. Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony
студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде
дыбысталып, үлкен экранға шықты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qazaq
Tili Endowment қорының жұмысы туралы мәлімет
берілді. Қазірге кезде қорға түскен жарна көлемі
824 миллион теңгеге жеткен.
Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының қызметіне жоғары баға беріп, алдағы
жоспарлары табысты болуына тілектестік білдірді.
Президент мемлекеттік тілді үйрету, сондай-ақ,
ғылыми шығармаларды аудару ісінде жасанды
интеллектінің әлеуетін барынша пайдалану
маңызды екенін атап өтті.
AKORDA.KZ
