ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

10 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Іңкәрбек Жалғас Нұрланұлы 2002 жылы Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. 2023 жылы Тараз инновациялықгуманитарлық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. Қазіргі
уақытта №2 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубында нұсқаушы болып жұмыс атқарады.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Егерде маған сайлаушылар сенім артып,
қолдау көрсетіп жатса, мен үлкен жауапкершілікпен өз округімдегі бірқатар өзекті мәселелерді шешуге атсалысқан болар
едім. Оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жас кәсіпкерлердің жеңілдікпен несие алуына, жастармен
нәтижелі жұмыс жүргізуге, олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін спортпен шұғылдануға, спортзал мен спорт
кешенінің барынша жұмыс істеуіне ықпал етер едім. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді мәдени іс-шараларға көптеп
тарту, түрлі үйірмелерге қатыстыра отырып, олардың рухани байлығын арттыру да менің басты мақсатым болып табылады.
Депутаттық қызметтегі негізгі басымдықтарым:
1. Жол сапасы. Ауылішілік жолдарды жөндеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Инфрақұрылым. Ауыз су, электр энергиясы және көше жарығы мәселелерін шешуге ықпал ету.
3.Әлеуметтік сала. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт нысандарының жағдайын жақсарту.
4. Жастар саясаты. Жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету.
5. Халықпен байланыс. Тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешілуіне атсалысу.
Құрметті сайлаушылар! Мен №11 сайлау округіндегі сайлаушылармен үнемі тығыз байланыста болып, олардың
күнделікті тыныс-тіршілігіндегі күрделі мәселелерді шешуге барынша атсалысамын. Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтіктұрмыстық жағдайларын көтеру, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту менің депутаттық жұмысымның негізін
құрайтын болады.
Құрметті ауыл тұрғындары! Менің саяси додаға түсудегі басты мақсатым – көпшілікке жайлы жағдай жасау. Меніңше,
біздің буынның да саясатқа араласатын уақыты келді. Сондықтан да осы бәсекеге қатысуға бел будым. Мен егер де депутат
болып мандатқа ие болсам, мінбенің биігінде жастарға қатысты мәселелерді ұдайы көтеретін боламын. Соның бірі – спорт.
Біздің ауданнан көптеген мықты спортшылар шыққан. Әлі де шығып жатыр. Оларға әрине, қолдау қажет. Маған сенім
артсаңыздар, ол менің қолымнан келеді.
Таңдауыңыздан жаңылмаңыз, сайлаушы! Алдағы саяси науқанда сіздерді дұрыс әрі батыл қадам жасауға шақырамын.
29 қарашада маған дауыс беріп, мені қолдаңыздар.

Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий