ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Тампиев Нұрсұлтан Бақытұлы 1991 жылдың 31 қазанында Луговой ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Луговой
ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2007 жылы осы білім беру ұйымынан 9-шы
сыныпты аяқтаған. 2011 жылы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжін «Жол шаруашылығы» мамандығы
бойынша бітірген. Білімі – арнаулы орта. Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы теміржол көлігі саласынан бастаған. 2015 жылдан
бастап вагондарды жөндеу жөніндегі аға слесарь қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. 5 баланың әкесі.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен де өзін-өзі ұсыну тәртібімен 29
қараша күні өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына өзімнің кандидатурамды ұсынып отырмын.
Менің басты мақсатым – өзім додаға түсіп отырған №5 сайлау округінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, ауыл
тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін бірлесе, яғни өздеріңізбен ақылдаса отырып,
түрлі мәселелердің шешілуіне жұмыс жасау.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары мынадай:
1. Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуы. №5 округтің санитарлық жағдайын жақсартып, көшелерді тазалау,
көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлмек ниеттемін.
2. Жол және көше жарығы. Әрине қазіргі таңда көптеген ауылдарда көшелерге асфальт төселген. Көптеген ауылдардағы
көшелердің басым бөлігінде солай. Алайда көше жарықшамын орнату мәселесін көп жағдайда тұрғындар айтып жатады.
Көшелерді жарықтандыру мәселелерін барынша шешуге күш саламын.
3. Ауыз су мәселесі.Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су жүйелеріне қатысты мәселелерді шешуге
тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргіземін.
4. Жастарға қолдау көрсету. Ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және қоғамдық
жұмыстарға белсенді араласуына жағдай жасауға ықпал етемін.
5. Әлеуметтік мәселелерді шешу. Көпбалалы отбасыларға, қарттарға және әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарға
көрсетілетін қолдаудың тиімді болуына назар аударамын.
6. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту. Ауыл тұрғындарының кәсіппен және ауыл шаруашылығымен
айналысуына қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал
етемін.
Құрметті сайлаушылар! Мен үшін ең бастысы – халықтың сенімі, ауылдың бірлігі және елдің болашағы. Егер сіздер
маған сенім білдірсеңіздер, осы жұмыстарды атқаруға бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
