Ұлы халықтың – ұлы Абайы
Өткен аптада этнос өкілдерінің арасында «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты аудандық өнер
байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының
шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, этнос өкілдерінің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген
қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және аудан тұрғындары арасындағы достық
пен бірлікті нығайту. Байқауды аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Мэлс Өзбеков
атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты «Достық» үйі ұйымдастырды.
Өнер додасында қатысушылар Абай
Құнанбайұлының шығармаларын сахналап, әндерін орындап, ақынның терең ойлары мен тағылымды мұра сын көрерменге түрлі өнер жанрлары арқылы жеткізді. Әр ұжым өзіндік
шығармашылық ізденісімен, сахналық шеберлігімен ерекшеленді.
Қатысушылардың өнерін бағалаған
әділқазылар алқасының құрамында
аудан әкімдігінің мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Нұрдос Базарқұлов, Жамбыл облысы
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының педагог-ұйымдастырушысы Балжан Ахылбекова болды. Әділқазылар алқасының
шешімімен байқау жеңімпаздары
а н ы қ т а л ы п , қ а т ы су ш ы л а р ды ң
өнеріне жоғары баға берілді. Байқау
қорытындысында Көгершін ауылынан
қатысқан «Абайдың шамшырағы» тобы
топ жарып, бас жүлдеге ие болды.
Ал қарашай этно-мәдени бірлестігінің «Эльбрус» ансамблі І орынды
қанжығасына байлады. Қазақ этномәдени бірлестігі ІІ орынды, Әлихан
Бөкейханов атындағы орта мектебінен қатысқан «Шаңырақ» тобы ІІІ
орынмен марапатталды. «Абай мұра сын дәріптеуші» номинациясымен №1 мектеп-лицейінің «Мир театра»
тобы, «Өнерлі өрен» номинациясымен «Сударушка» халықтық ән-би ан самблінің әншісі Галина Париева марапатталып, көрермен көзайымына айналды. Бұл өнер байқауы Абай мұрасының барша этнос өкілдеріне ортақ рухани құндылық екенін тағы бір мәрте айқындады. Ұлы ақынның шығармалары арқылы қатысушылар қазақ
халқына, оның тілі мен мәдениетіне деген құрметін білдіріп, достық пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.
Ұлы Абай мұрасы – ұлттарды жақын астыратын, ұрпақтарды рухани бірлікке үндейтін мәңгілік қазына.
Назерке КЕРИМБЕКОВА,
Мэлс Өзбеков атындағы
аудандық мәдениет үйінің
этнографы.
