Көкжөтел дегеніміз не?
49 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен алқа мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 6 айда атқарылған жұмыстар сараланды. Аталмыш жиынға аудан әкімі А.Қырықбаев, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жаманбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі эконоимика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Л.Сапарбекова хабарлама жасады. Хабарламада өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізігі көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталғандығы туралы айтылды.
Алқа мәжілісінде өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Асқар Санатұлы бірқатар бөлім басшыларына нақтылы тапсырмалар берді. Соның ішінде аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөліміне егін орағын мерзімінде аяқтау және күзгі дала жұмыстарының талапқа сай жүргізілуін қадағалау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бюджеттік мекемелердің қысқа дайындық жұмыстарын бақылауға алып, қажетті көмірдің және дизель отынымен қамтылуын ұйымдастыруды, білім бөліміне оқу жылының жақындауына байланысты аудандағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтауды тапсырды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.