ТАҒАЙЫНДАУ

1 149 Views

ТАҒАЙЫНДАУ

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Асқар Қырықбаевтың 2018 жылғы 25 шілдедегі №207 өкімімен Жапарқұлов Тойшығұл Қадырбекұлы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жапарқұлов Тойшығұл Қадырбекұлы 1976 жылы 16 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы экономист және бухгалтерлік есеп және аудит.

Еңбек жолын 1996 жылы Ақыртөбе ауылдық округі әкімдігінде маман болып бастаған. 2000-2001 жылдары «Есім-би» ЖШС-нің бас бухгалтері, 2001-2003 жылдары Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, 2003-2007 жылдары аудандық қаржы бөлімінің бас маманы болып еңбек еткен.

2007-2009 жылдары Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2009 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі бастығының міндетін атқарды. 2010 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Тұрар Рысқұлов аудандық статистика басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Поделиться ссылкой: