Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
57 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Кеше аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудандық «Nur Otan» партиясының филиалында аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша тыңдап, қоғамдық қабылдау өткізді.
Аталмыш қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан тұрғын үй алу, тұрғын үй кезегіне тұру, кәсібін кеңейту және ол үшін жер телімін алу, көше жолын жөндеу мен ауыл көшелеріне есім беру сынды тілектермен, сауалдармен қайырылды.
Аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы өз тарапына қойылған сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында шешім табатынын, тұрғындар тілегі тасада қалмайтынын, қордаланған мәселелер тиісті сала басшыларына жолданып, әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.