23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Көкдөнен ауылының тау бөктеріндегі (Есдәулет жерінде) алауы тұтанған өрттің жалыны толығымен сөндірілді. Мәлімет бойынша, өрт адамдардың от қолданудағы абайсыздығынан тұтанған. Өрт салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.
Айта кетейік, өртті сөндіруге ауданымыздағы №10 және Тараз қалалық № 1, 2, 3, 4, 9 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, сондай-ақ, Көкдөнен, Көгершін, Құмарық, Абай, Ақыртөбе, Құлан, Қарақыстақ ауылдық округтерінен бөлек, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Меркі, Ақыртөбе, Луговой орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінен де өрт сөндіруші адамдар мен техника келді. Одан бөлек, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының «МИ-8» тікұшағы да өртті сөндіруге көп септігін тигізді. Өртті сөндіруге жиынтық саны 277 адам және 42 техника жұмылдырылды. Өз кезегінде аудан әкімі Ерболат Садырқұлов та өрттің тілсіз жау екенін атап өтіп, өртті сөндіруге атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдірді.
«Құлан таңы» ақпарат.