Луговой ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Қаблет Қанатұлы Абдрахмановтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы

144 Views

Өмірбаяны
Абдрахманов Каблет Қанатұлы 1990 жылдың 11 тамызында Жаңатас қаласында дүниеге келген. Алматы қаласында 2010 жылы Мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжін «теміржол құрылысы мен жол шаруашылығы және өндірістік құрылыс» мамандығы бойынша бі­тір­ген. 2014 жылы Алматы қала­сын­да Халықаралық Білім Беру Кор­порациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» кампусын «құрылыс» мамандығын алған. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2011 жылы Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған. 2013-2021 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып еңбек еткен. 2022-2023 жылдары аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды.
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келеді.
Отбасылы. 2 ұл, 1 қызы бар.
Сайлауалды
бағдарламасы
Мен, Абдрахманов Каблет Қанатұлы Луговой ауылдық округі әкімінің лауазымына өткен жағдайда осы кезеңге дейінгі өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға жұмсаймын.
Менің сайлауалды бағдарла­мам­ның негізгі бағыттары:
ҚР Үкіметінің Жарлықтары мен бағдарламалары аясында жұмыстар атқару.«Өңірлерді дамыту» бағдар­ламасының жобаларын жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылай қолдауы шеңберінде ауылдық округте жүйелі және сапалы түрде абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыру. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және ауыл шаруашылығы салаларына жоғары білімді, білікті мамандарды тарту. Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасаймын. Округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсетемін. Аз қамтылған, көпбалалы отбасы­ларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын. Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожа­лықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын. Шағын және орта бизнеспен айналысуға ауыл тұрғындарын көп­теп тартуға, қолымнан келгенше күш салатын боламын.
Құрметті Луговой ауылының тұрғындары 14 шілдеде сайлауға келіп, таңдауыңызды жасаңыз.

Поделиться ссылкой: