Луговой ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Мақсат Несіпбекұлы Несіпбековтің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
Өмірбаяны
Несіпбеков Мақсат Несіпбекұлы 1989 жылдың 2 қазанында Құлан ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2010 жылы «ҚазмұнайГаз» АҚ Алматы қаласындағы филиалында оператор болып бастаған. 2012-2013 жылдары «Казахдорстрой-Hyundai» ЖШС контролер, 2013 жылы «Казахдорстрой-Hyundai» ЖШС-де жол жұмысшысы болып еңбек еткен. 2014-2015 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде келісімшарт негізінде техник маман, 2014-2015 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде «Жастар практикасы» бойынша тәжірибеден өткен. 2015-2017 жылдары Құлан ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2017-2018 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы болып қызмет жасаған. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып абыроймен қызмет атқарып келеді.
Отбасылы. Ұл-қызы бар.
Сайлауалды
бағдарламасы
Мен, Несіпбеков Мақсат Несіпбекұлы Луговой ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.
Менің сайлауалды бағдарламам мынадай:
– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан әрі дамыту. Ауылішілік көшелерді жөндеуден өткізу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысуды басшылыққа алатын боламын.
– Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технология лармен жабдықтауға ықпал жасау. Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейту. Округ аумағындағы ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды, олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыру. Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.
Маған сеніңіздер. Мен сенімдеріңізді ақтаймын.