МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар
Есіркеповтің төрағалығымен 29
қарашаға тағайындалған мәслихат
депутаттарының кезектен тыс
сайлауына дайындық мәселелері
бойынша кеңес өтті. Жиында сайлау
учаскелерінің әзірлігі, ұйымдастыру
жұмыстары және сайлау
науқанының заң талаптарына
сәйкес өткізілуі талқыланды.
Кеңесте аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов
сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.
Оның мәліметінше, ауданда барлығы 51 сайлау
комиссиясы жұмыс істейді. Оның 14-і округтік, 36-
сы учаскелік және 1-і аудандық аумақтық сайлау
комиссиясы. Бүгінгі күнге дейін 14 бірмандаттық
сайлау округі бойынша 42 кандидат тіркелген.
Оның 19-ы саяси партиялар атынан ұсынылса, 23-і
өзін-өзі ұсынған.
Сонымен қатар кеңесте сайлауалды үгіт
жұмыстарының жүргізілу тәртібі мен қоғамдықсаяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау мәселелері
қозғалды. Осы бағытта баяндама жасаған аудан
әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы
Нұрлан Көпбаев ақпараттық кеңістікке тұрақты
мониторинг жүргізу, кандидаттардың әлеуметтік
желілердегі жарияланымдарының заң талаптарына
сәйкестігін қадағалау және жалған ақпараттың
таралуына жол бермеу мәселелеріне тоқталды.
Кеңес барысында сайлау учаскелерін қажетті
құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, байланыс
жүйелерінің тұрақты жұмысын ұйымдастыру
және сайлаушылар тізімін нақтылау мәселелері
де қаралды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Ернар
Есіркепов жауапты бөлімдер мен мекеме
басшыларына сайлауға дайындық жұмыстарын
қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ,
барлық ұйымдастыру шараларының белгіленген
мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз
етуді міндеттеді.
Ақжарқын МҰРАТБЕК.
