Өнер көгіндегі – жас өрендер

20 Views

Халық даналығында «Ұлы халықтар өз тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады»
деген тағылымды сөзі бар. Өнер – ұлттың жаны, мәдениеттің биік шыңы. Ұлттың мәңгілік
тозбайтын асыл қазынасы.

Осы өнер жолына өмірін арнап келе жатқан
ауданымыздың мақтанышы, ҚР мәдениет
қайраткері, Халықаралық қазақ композиторлар одағының мүшесі, танымал әнші
және сазгер Рысбек Қадірқұловтың
ауданымыздың мәдениет саласына
қосқан үлесі өлшеусіз. Ол – Мэлс
Өзбеков атындағы аудандық мәдениет
үйіне қарасты «Сұлутөр» халықтық
ән-би ансамблінің жетекшісі, мәдениет
саласының белді қызметкері. Рысбек
Қадірқұловтың өнер додаларында
дарынды шәкірттері, ұстаз үмітін
ақтап, өнердің биік шыңынан көрінді.
Дубайда өткен халықаралық «Жас
жұлдыз» байқауында бақ сынап,
өзінің өнерімен жұртшылықты тәнті
еткен Қадыржан Арон бас жүлдеге ие
болды. Әлемдік аренада ел намысын
абыроймен қорғаған жас дарынның
бұл жетістігі – баршамыз үшін зор
мақтаныш. Ал Айбар Ерғали облыстық
және республикалық деңгейдегі өнер
сайысында дараланып бас жүлде иегері атанса, Алдияр Бердібек осы аталмыш
өнер додасында өзіндік шеберлігімен ерекшеленіп,
арнайы дипломмен марапатталды. Бұл жарқын жеңістер – жас таланттардың
тынымсыз ізденісі мен білікті ұстаз Рысбек Қадірқұловтың қажырлы еңбегінің
жемісі. Шәкірттерінің жетістігіне қуанған ұстаз: «Осы
өнерпаздардан болашақта
қазақ өнерінің үлкен тұлғалары шығатынына кәміл
сенемін», – деп ақ тілегін
жеткізді. Жас таланттарды
жарқын жеңістерімен шын
жүректен құттықтаймыз.
Қанаттарың талмай, қазақ
өнерінің көкжиегін бұдан да
биік шыңдарға көтеретіндеріңе
сенеміз.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий