ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Дәлібаева Сұлукүл Серікбайқызы 1986 жылдың 23 мамырында Қорағаты ауылында дүниеге келген. Мамандығы –
ветеринариялық техник. Білімі – арнаулы орта. Аудандық ветеринария саласында 2012 жылдың наурыз айынан бастап
қызмет етіп келеді. 2014 жылдан бері «Аққайнар» шаруа қожалығының басшысы ретінде кәсіпкерлікпен айналысып жүр.
«Әділет» партиясының мүшесі. Тұрар Рысқұлов аудандық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы ретінде әйелдердің
қоғамдағы белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасы институтын нығайту бағытында қоғамдық
жұмыстар жүргізіп, жұртшылықтың алғысын арқалап жүр. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс
хатымен марапатталған.
Отбасылы. Көпбалалы ана.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Өздеріңіз куәсіздер, мен әрқашан
әділдікті басты ұстаным санаймын. 2023 жылғы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында да сіздер мені
қолдағансыздар. Бұлы жолы да мен өздеріңізге сенім арта отырып, №14 сайлау округінен аудандық мәслихат депутаттығына
кандидат болып отырмын. Бірбеткей, әрқашан шындық үшін шырылдап жүрген батыл қыздарыңызды осы жолы да
қолдайсыздар деп сенемін.
Құрметті жерлестер! Осы жолғы менің сайлауалды бағдарламамның мазмұны төмендегідей:
1. Ауылдағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз
етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
2. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы
шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан
тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
3. Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру
мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Сондай-ақ, шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау.
4. Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы
медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік
қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.
5. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауыл көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін
жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
Құрметті сайлаушылар! Мен ауданымыздың дамуы жолында бар тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып,
алдыға қойған мақсаттарыма сіздердің қолдауларыңыз арқылы жететіндігіме кәміл сенемін. Өз сайлау учаскемдегі халықтың
тұрмыс деңгейінің көтерілуіне, оқушылардың сапалы білім алуына, ауыл жастарының кәсіппен айналысуына өз септігімді
тигізу үшін сайлауға қатысамын. Сондықтан 29 қарашада маған дауыс беріңіздер!
