ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Жауын Нартай Ернарұлы 1998 жылдың 13 қарашасында Көкдөнен ауылында дүниеге келген. 2017 жылы М.Х. Дулати
атындағы Тараз өңірлік университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша аяқтаған. Білімі – жоғары. Еңбек
жолын 2022 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Көкдөнен
ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы қызметінен бастаған. 2023 жылдан бастап Жастар ресурстық орталығының
Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің маманы қызметін атқарған. 2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін осы Ұйымдастыру
және бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №10 сайлау округінің сайлаушылары! Мен – белсенді жаспын. Бойымда алғырлық та бар. Осы қасиеттер
ел мүддесіне жұмсалса деймін. Мен жастар саясаты мен жергілікті басқару саласында жинақтаған тәжірибемді сіздермен
бөлісуге дайынмын. Егер де мені қолдасаңыздар, халық алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, мынадай маңызды
бағыттарды іске асыруды мақсат етіп отырмын.
1. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығаруды жүйелі түрде ұйымдастыру және
көшелерді көгалдандыру.
2. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін заманауи спорт алаңдарын салу. Секциялар мен үйірмелердің
қолжетімділігін арттыру. Мәдениет үйінің жұмысын жандандырып, жас таланттарды қолдау.
3. Көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге, жалғызбасты қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік
көмектің дер кезінде және әділ жеткізілуін тікелей қадағалау. Ауылдық амбулатория мен медициналық пункттің материалдықтехникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтылуын және сапалы медициналық қызмет көрсетілуін бақылау.
4. Ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде ашық кездесулер өткізіп, әрбір азаматтың арыз-шағымы мен ұсынысына жедел
жауап беру. Жергілікті бюджетті жоспарлау және жұмсау кезінде халықтың пікірін ескеру.
Құрметті сайлаушылар! «Жас келсе – іске» деген. Мен жалындап тұрған жастың бірімін. Түрлі идеяларымда бар.
Болашақтың тізгінін ұстайтын да менің замандастарым. Сондықтан сіздердің дауыстарыңыз мен үшін ерекше бағалы. Мен
өз елімнің патриоты ретінде сөзбен емес, нақты іспен нәтиже көрсетуге уәде беремін. Әрбір шешімім ел игілігі мен дамуына
қызмет ететін болады.
Маған сенім артып, қолдау көрсетіңіздер!
