ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Рысқұлова Заида Сапарқызы 1995 жылдың 23 сәуірінде Жақсылық ауылында дүниеге келген. 2013 жылы №1 мектеплицейін бітірген. Дәл осы жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне оқуға түсіп, аталмыш жоғары оқу
ордасын 2017 жылы «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша тәмәмдаған . Еңбек жолын 2020 жылы «Жастар
практикасы» бағдарламасы бойынша Луговой ауылдық мәдениет үйінен бастаған. Кейіннен бір жыл бойы үйірме жетекшісі
қызметін атқарып, қазіргі таңда Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Мәдениет саласында
ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани мұраны насихаттауға және ауыл тұрғындарының мәдени өмірін дамытуға үлес
қосып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен өзін-өзі ұсыну тәртібімен аудандық
мәслихат депутаттығына кандидат болып отырмын. Егер мені қолдасаңыздар, өз округім бойынша түйткілді мәселелерді
атқарушы билік өкілдерімен ақылдаса отырып, олардың оңтайлы шешілуіне ықпал етсем деймін. Оның үстіне біз жаспыз.
Кеудемізде амбиция тұнып тұр. Өзімнің сайлауалды бағдарламамды түзерде көп ойландым. Мұқият оқып шықсаңыздар
болады. Менің сайлауалды бағдарламам төмендегідей:
1. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдениет пен спортты дамыту және жастар тәрбиесіне басымдық беру.
2. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымызды және отансүйгіштік құндылықтарды насихаттау.
3. Ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыру, ұлттық өнерді қолдау, жас таланттарға жол ашу.
4. Бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету.
5. Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
6. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Құрметті сайлаушылар!
Егерде аудандық мәслихаттың депутаты болып жатсам, айтылған мәселелердің барлығын бақылауда ұстайтын боламын.
Мақсатым – ұлттық рухы биік, мәдениеті өркендеген, жастары жігерлі, бірлігі бекем қоғам қалыптастыру. 29 қарашада мен
өздеріңізден қолдау күтемін.
