ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Таттыхожаев Талғат Сайлауұлы 1967 жылдың 5 тамызында бұрынғы Октябрьшаруа, қазіргі Қарақат ауылында
дүниеге келген. 1974 жылы Октябрьшаруа сегіз жылдық мектебінің табалдырығын аттап, үздік оқып, 1982 жылы Құлан
ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде білім алып, 1984 жылы аталмыш білім ордасын тәмамдаған. 1984-1985
жылдары Луговойдағы МКСО-да межколхоз құрылыс бөлімінде жұмысшы болған. 1985 жылы МКСО-ның жолдамасымен
«Жамбыл гидро-мелиоративті құрылыс» институтының «водоснабжение-канализация» факультетіне күндізгі бөлімге оқуға
қабылданған. 1992 жылы сол кездегі Луговой ауданының ішкі істер бөлімінде қатардағы милиционер болып жұмысқа
қабылданған. 2000 жылы офицер қатарына өтіп, лейтенант шенін алып, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі
болып, аудан бойынша ауыр қылмыстарды ашу бағытында қызмет атқарған. 2012 жылы зейнетке шыққан соң Т.Рысқұлов
ауданы бойынша «Түркіменстан-Қытай» Азия газ құбырының тасымалдау мекемесінде бірнеше агенттікпен, атап айтқанда
«Semser-Sekurity», «RMG-Sekurity», «Дауыл», «ЖАН-М», «Шериф-Н» күзет бастығы болып жұмыс жасап жүр.
Отбасылы.Үлгілі әке.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен өзімді «Қазақстан Халық партиясы»
қоғамдық бірлестігінен аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде ұсынып отырмын. Менің негізгі қағидам
– «Малым жанымның, жаным арымның садағасы». Әрқашан халықпен бірге болу. Шүкір, бүгінде еліміз дамудың даңғыл
жолына қадам басты. Кең байтақ республикамызда ауқымды саяси, экономикалық реформалар жүзеге асырылуда. Барлық
салада жаңаша өрлеу мен өркендеу бар. Дегенмен алда атқарылар істер де ауқымды. Шешімін күткен проблемалар да жетерлік.
Егер сайлаушылар маған сенім білдіріп, қолдау көрсетіп жатса, бірқатар түйінді проблемаларды тарқатуға ықпал етіп, оң
шешілуіне үлес қосқан болар едім.
1. Отандық тауар өндірушілерді қолдау.
2. Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосу.
3. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту үшін несие жүйесінің механизмін жетілдіруге ықпал ету.
4. Өз округімдегі сайлаушылармен тығыз байланыста болып, округ аумағындағы проблемаларды кезең- кезеңімен шешу.
Нақтырақ айтқанда: Кәсіпкерлерді жұмылдыра отырып, Қарақат ауылы орталығынан демалыс аллеясын жасау, «Жайлы
мектеп» бағдарламасы негізінде жаңа мектеп салуға қаражат бөлгізуге ықпал ету, айналма жол салуға қол жеткізу, ауыл
тұрғындарының қосалқы шаруашылығын дамыту үшін мал жайылымын кеңейтуге ықпал ету, Құлан ауылының тау жағынан
қазылған күл-қоқысқа толып кеткен дренажды тазалап, селдің алдын алу, Қарақат ауылына демеушілер арқылы жаздық
сахна салуға ықпал ету, Құлан ауылында шағын футбол алаңын салуға және оны спорттық жабдықтармен қамтамасыз
етуге ықпал ету. Осындай ойға алған бағдарламаларымды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып,
ауыл тұрғындарының талаптары мен тілектерін, мұң-мұқтаждарын бірлесіп шешуге, жаңа кезеңнің жаңа талаптарына сай
еңбек етуге күш салмақ ойдамын. Мені қолдап, дауыс беріңіздер!
