ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Абдыкалыков Тельжан Телеубайулы 1991 жылдың 4 қазанында Құлан ауылында дүниеге келген. 1998 — 2003 жылдар
аралығында Құлан ауылындағы Ш.Уәлиханов мектебінде білім алған. 2003-2009 жылдар аралығында Құлан ауылындағы
Құлан орта мектебінде білім алып, осы мектепті тәмәмдаған. 2009 жылы Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы
Қазақ ұлттық медициналық университетінің жалпы медицина факультетіне оқуға түскен. 2014 жылы осы жоғары оқу орнын
бакалавр бойынша бітіріп, сол жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жалпы
тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша интернатураға оқуға түсіп, 2016 жылы тәмамдаған. 2016-2017 жылдар аралығында
аудандық орталық ауруханаға қарасты Қайыңды дәрігерлік амбулаториясында жалпы тәжірибелі дәрігер қызметін атқарған.
2017-2023 жылдар аралығында аудандық орталық ауруханасында жалпы тәжірибелі дәрігер қызметін атқарған. 2023 жылдан
2026 жылдың наурыз айына дейін Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында бастапқы медициналық-санитарлық
көмек меңгерушісі қызметін атқарған. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас
дәрігерінің бастапқы медициналық – санитарлық көмек жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. 2 ұлы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Елiмiздiң патриоты ретiнде мен әрбір азаматтың елiмiздiң мүддесi үшін өзiнiң «қолдан
келерлiк үлесін қосуға» деген талпынысын қолдаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сарабдал
саясатының арқасында қарапайым халық пен атқарушы билiктiң арасында сапалы әрі дұрыс механизмдер жүзеге асырылып
жатыр. Проблеманың өзегі – немқұрайлылықтан шығады. Сондықтан белгілі бір қызметте істейтін кез келген еңбек адамы
өз жұмысына адал, ұқыпты, ең бастысы, сол саланың маманы болғаны дұрыс деп есептеймін. Сонда сапа да болады, жұмыс
та ілгері алға жылжиды.
Мен де өзге адамдар секілді №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен «Әділет» партиясынан кандидат болып
отырмын. Мені қолдасаңыздар, халық пайдасына тиiмдi жұмыс жасап, түйткілді мәселелерді қолымнан келгенше шешуге
атсалысамын. Халық қазір құрғақ сөзден шаршады. Нақты әрекеттер қажет. Өзiмнiң сайлауалды бағдарламама мынадай
жұмыстарды енгізіп отырмын:
1.Халықтың аз қамтылған тобы, көпбалалы жас отбасылар үшiн, соның iшiнде, тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшiн,
«Әлеуметтік және жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыру;
2. Ауылдардағы балабақшалар мен мәдениет ошақтарына, кітапханаларға түбегейлi ағымды жөндеу жұмыстарының
жүргізілуіне ықпал ету;
3. Балалар спортын дамыту мақсатында тегiн спорт аландарын және «Street Workout» құрылыстарын салуға ықпал ету;
4. Қоқыстың жүйелі түрде, уақтылы және сапалы шығарылуын қамтамасыз ету, қокысты жинау үшін қосымша алаңдарды
жасау бойынша шаралар қолдану.
Өзім дәрігер болғандықтан, тұрғындарға, әсіресе шалғай ауылдық жерлерде сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек
көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ, аурудың алдын алуға бағытталған профилактикалық тексеру жұмыстарын күшейтуге
барынша ықпал етпекпін.
Құрметті сайлаушылар! 29 қарашада мені қолдап, дауыс беріңіздер.
