ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

31 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Сүлейманов Данияр Пазылұлы 1983 жылдың 17 қарашасында Құлан ауылында дүниеге келген. Мамандығы – экономист
және заңгер. Білімі – жоғары. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде қызмет атқарып, «ДДА» ЖШС-нің басшысы болып
жұмыс істейді.
Отбасылы. Үлгілі кәсіпкер. Меценат.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен үшін ауыл тұрғындарының сапалы
өмір сүруі, жолдардың жағдайы, ауыз сумен қамтамасыз ету, медициналық қызмет пен білім беру сапасы, жаңа жұмыс
орындарын ашу – басты басымдықтардың бірі. Егерде аудандық мәслихатқа депутат болып жатсам, алдағы уақытта
ауылдың инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, жастарға жаңа мүмкіндіктер жасауға,
тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге күш саламын. Экономика саласындағы білімім мен кәсіпкерлік тәжірибемді
пайдалана отырып, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына, жоспарланған жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуына
назар аударамын. Тұрғындар алдында ашық есеп беріп, әрбір мәселенің оң шешілуіне ықпал етуге дайынмын. Менің
басты мақсатым – Құлан ауылының дамуына үлес қосу, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және ауылдың болашағы
үшін нақты істер атқару. Тұрғындарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы
жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлікті, отбасылық бизнесті, сауда
және қызмет көрсету салаларын дамытуға қолдау көрсетуді әркез назарда ұстаймын. Құлан ауылындағы аудандық орталық
аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге және
бейінді мамандардың қолжетімділігін арттыруға шамамның келгенінше ықпал етемін. Аурухана маңындағы аялдаманы
абаттандыру, орындықтар орнату және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселесін көтеремін. Медицина қызметкерлерін
ауылға тарту және жас мамандарды қолдау шараларын назарда ұстаймын.
Қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуына
ықпал етемін. Тұрғын үйлердің қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын бақылау, апатты немесе жөндеуді қажет ететін үйлер
мәселесін тиісті органдар алдында көтеретін боламын.
Ауыл көшелерін жарықтандыру, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару
мәселелерін жүйелі бақылауға аламын. Қаңғыбас иттер мәселесін заң талаптарына сәйкес шешу, тұрғындардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөнінде тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізетін боламын. Көшелерді көгалдандыру, ағаш отырғызу,
демалыс орындарын көбейту және балалар ойын алаңдарын жаңарту жұмыстарын қолдаймын. Ауылдың сәулеттік келбетін
жақсартып, «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге атсалысамын.
Құрметті жерлестер! 29 қарашада маған дауыс беріңіздер. Мен сіздердің сенімдеріңізге ешқашан селкеу түсірмеймін.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий