Акция Қомақты ұтысқа ие болды

761 Views

Қомақты ұтысқа ие болды

«KAZPOST» халыққа тоқтаусыз қызмет етуде! Мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақыны поштадан алу үшін «Сенім» бағдарламасымен есеп аштырғандар автоматты түрде ұтыс ойынына қатысушы ретінде тіркеледі. Республика көлемінде өткізілген осы акция барысында облысымыздан 8 тұрғын жеңімпаз атанса, соның екеуі – біздің аудан тұрғындары. Атап айтар болсақ, Айгүл Керімбаева осы ұтыс ойынының жеңімпазы. Ол 100 000тг көлемінде «Технодом» дүкендерінен өзіне қажетті тұрмыстық техниканы тегін алу мүмкіндігіне қол жеткізсе, Николай Хаулин дәл осындай 50 000 тг көлеміндегі ұтысқа ие болды. Сондай-ақ, олардан 1 жыл көлемінде коммуналдық төлемдерді комиссиясыз қабылдайтын болады. Қазпошта «Технодом» компаниясымен біріге өткізген акциясы аясында 18 шілде күні қалың халықтың ортасында жеңімпаздарды марапаттап, жиналғандарға пошта қызметінің жаңа мүмкіндіктері жайлы хабардар етті. Аудандық пошта қызметкерлерінің айтуынша, бұл акция ай сайын өткізіліп тұрады екен. Олар алыс ауылдардан келетін азаматтар үшін зейнетақы мен жәрдемақысын өз ауылындағы пошта арқылы алудың тиімді жолдарын да түсіндіріп берді. Жаяу жүруге қиналатындар үшін пошта қызметкерлері «үйіне жеткізіп беру» қызметін ұсынып отыр және ол үшін халық тарапынан ақы төленбейді. Орталықтағы банкке келу қиындық тудыратын тұрғындар болса, әр ауылдағы пошта бөлімшесіндегі терминал арқылы да қаражат алуға болады. «Сонымен бірге, пошта арқылы кредит беретін бөлімшелеріміз де бар» дейді мұндағы қызметкерлер. Халыққа жеткілікті дәрежеде қызмет көрсетуді мақсат тұтқан пошта қызметкерлерінің жұмысына біз де толайым табыстар тілейміз!

Салтанат ҚАРАСАЕВА.

 

Поделиться ссылкой: