Бұл шеберлік сабағы өзгелерден ерек болды
109 ViewsАудандық ардагерлер Кеңесінің жанынан құрылған аналар кеңесі көптеген бастамаларға себепші болып жүргенін біз ұдайы айтып келеміз. Газетімізде де аудандық аналар кеңесінің қолдауымен бала тәрбиелеу…
Қазақстанда өткен тәулікте 1421 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Ақпаратты аймақтар бойынша саралайтын болсақ, көрсеткіштер төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 425, Алматы қаласы – 570, Шымкент қаласы – 40, Ақмола облысы – 40, Ақтөбе облысы – 8, Алматы облысы – 94, Атырау облысы – 69, Шығыс Қазақстан облысы – 22, Батыс Қазақстан облысы – 39, Қарағанды облысы – 73, Қызылорда облысы – 2, Павлодар облысы – 19, Солтүстік Қазақстан облысы – 19, Түркістан облысы – 1. Жалпы Қазақстан бойынша індеттен жазылғандар саны – 225 256 адам.
Жуырда ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Комиссия өкілдері келтірген ресми деректерге сүйенетін болсақ, дәл қазіргі таңда Қазақстанның 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан. Бір қуантарлығы, қалған барлық өңір – «жасыл» аймаққа жайғасқан.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.
CORONAVIRUS2020.KZ