ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР
ӨМІРБАЯНЫ
Сейсебаев Данияр Қалмаханұлы 1983 жылдың 21 сәуірінде Құмарық ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Карл Маркс
атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына қабылданып, 2000-шы жылы аталмыш білім ошағын тәмамдаған. 2004 жылы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих, география» мамандығы бойынша үздік бітірген. Білімі –
жоғары. Еңбек жолын 2007 жылы өзінің туған жері – Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектепте тарих
және география пәндерінің мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Қалмахан» шаруа қожалығының
басшысы ретінде ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек етіп келеді.
Отбасылы. 4 бала тәрбиелеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары, қадірлі жерлестер! Мен «Әділет» партиясы
аудандық филиалының мүшесі ретінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып отырмын. Мақсатым – елге қызмет
ету. Сол тұрғыдан өзімнің сайлауалды бағдарламамды да жазып, өздеріңізге ұсынбақпын. Маған қолдау көрсетесіздер деп
сенемін.
Мен әрқашан әділдік пен ашықтықты назарға алатын адаммын. Яғни аудандық мәслихатқа депутат болып жатсам,
халықпен тұрақты әрі ашық байланыс орнату, әрбір азаматтың үніне құлақ асу – менің негізгі миссиям болмақ. Одан бөлек
әрбір ауыл тұрғынына лайықты өмір сүру жағдайын жасау, жастардың болашағына жол ашу, қабылданған шешімдердің
жүзеге асырылуын қатаң бақылап, атқарылған жұмыстар туралы халық алдында ашық есеп беріп отыруды да назарға аламын.
Мен сайлаушылар алдында құрғақ уәде емес, нақты шешімдерді ұсынамын. Менің іс-қимыл бағдарламам 6
негізгі бағыттан тұрады:
1. Ауыл ішілік жолдарды жөндеу және көлік қатынасын жақсарту. Құмарық және Алғабас ауылдарының жөндеуді
қажет ететін ішкі көшелерін кезең-кезеңімен жөндеу мәселесін көтеру. Ауылдар арасындағы және аудан орталығына
қатынайтын жолдардың жағдайын жақсарту арқылы қоғамдық көліктің тұрақты жүруіне ықпал ету. Мектептерге,
медициналық және әлеуметтік нысандарға баратын жолдардың қауіпсіздігіне басымдық беру.
2. Сапалы ауыз су және электрмен қамтамасыз ету. Екі ауылда да ауыз судың сапасы мен тұрақты берілуін қамтамасыз
ету, тозығы жеткен су құбырларын жөндеу мен жаңартуды бақылауға алу. Электр желілерінің жағдайын жақсартып,
жарықтандыруды қажет ететін көшелерге заманауи жарық шамдарын орнату. Коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс
істеуін қатаң қадағалау.
3. Жайылым жерлері және шаруа қожалықтарын қолдау. Ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысуына
қолайлы жағдай жасау мақсатында жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу.
4. Медициналық қызмет пен әлеуметтік қолдауды жақсарту. Құмарық және Алғабас ауылдарындағы медициналық
қызметтің қолжетімділігін арттыру, медициналық пункттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Жедел
медициналық көмектің уақтылы жетуін ұйымдастыру.
Құрметті сайлаушылар! Мен сенімді түрде айта аламын. Өзімнің миссиямды құрғақ сөзбен емес, адал еңбекпен, нақты
іспен ақтаймын деп ойлаймын. Сондықтан маған дауыс беріңіздер!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
