ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР

13 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Назарбеков Іңкәрхан Қолаұлы 1975 жылы Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Жамбыл
гидромелиоративтік құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кейіннен білімін одан әрі шыңдап, 2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих, құқық
және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Алғабас орта
мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2014-2022 жылдар аралығында Алғабас шағын орталықты орта мектеп
директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі
уақытқа дейін Айтқұл Шынәсілов атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді.
Отбасылы. 5 баланың әкесі.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен «Respublica» партиясының мүшесі
ретінде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып тіркелдім. Осы уақытқа жинаған тәжірибем мен алған білімімді
елдің мүддесіне жұмсағым келеді. Оған сіздердің қолдауларыңыз қажет.
Егерде мен аудандық мәслихат депутаттығына сайланатын болсам, мына нәрселерге көңіл бөлетін боламын:
1. Сапалы білім мен мектептердің материалдық базасын нығайту. Білім саласының маманы ретінде мектептердің
заманауи құрал-жабдықтармен (компьютерлер, пәндік зертханалар) қамтылуын бақылауға алу. Ауыл балаларының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ошақтарының айналасын абаттандыру, бейнебақылау және жарықтандыру
жүйелерін жетілдіру.
2. Балалар мен жастар саясатын қолдау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру. Ауыл жастарының спортпен айналысуына,
шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасау. Жаңа спорттық және ойын алаңдарын салу, жастар арасында құқық
бұзушылықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтына ынталандыру.
3. Инфрақұрылымды дамыту: жол, су және жарық. Ауыл ішіндегі тозығы жеткен көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу
және асфальттау мәселесін бюджеттік бағдарламалар арқылы шешу.
4. Әлеуметтік қолдау және отбасы құндылықтары. Көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты аналардың және әлеуметтік
көмекке мұқтаж азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
5. Ауыл шаруашылығы мен жергілікті кәсіпкерлікті қолдау. Ауыл тұрғындарының басты тіршілік көзі – мал және
егін шаруашылығы болғандықтан, жайылымдық жерлердің әділ бөлінуін және суармалы су мәселесін шешуге ықпал ету.
Ауылда шағын бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ниетті азаматтарға мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген
несиелер алуға құқықтық кеңес беру көмегін ұйымдастыруды да негізгі басымдықтарға балап отырмын.
Құрметті сайлаушылар! Маған сеніңіздер және дауыс беріңіздер.Мен сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий