ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР

11 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Айтбаев Серік Шәкенұлы 1973 жылдың 28 мамырында Көгершін ауылында дүниеге келген. Мамандығы – физика,
математика және информатика пәндерінің мұғалімі. Білімі – жоғары. Білім беру саласында 30 жылдық еңбек өтілі бар. 1996
жылдан бастап, Ақтоған орта мектебінде математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып еңбек еткен. 2004-2021
жылдары Ақтоған орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болған. 2021 жылдың 25 тамызынан бүгінгі күнге
дейін Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Аудандық мәслихат депутаттығына
кандидатурасы «ӘДІЛЕТ» партиясынан ұсынылған. Көптеген түрлі салалық марапаттардың иегері. Жақында ғана «Ауданға
сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісін иеленген.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Мен өздеріңізге сенім арта отырып, осы
жолғы аудандық мәслихат депутаттығына кандидат болып отырмын. Мені тағы да қолдайсыздар деп сенемін. Егерде
сенімдеріңізге ие болып жатсам, мына мәселелерді назарға алу ойымда бар.
1. Жол мен көлік қатынасы. Ауыл ішіндегі көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу, аудан орталығымен тұрақты қоғамдық
көлік қатынасын орнату, мектеп пен әлеуметтік нысандарға баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Сапалы ауыз су. Көгершін ауылында су құбырларын жаңарту, Қосапан ауылындағы су тазарту нысанының үздіксіз
жұмысы мен судың санитарлық сапасын қатаң бақылауда ұстау.
3. Жайылым және ауыл шаруашылығы. Ауыл тұрғындары үшін жайылымдық жерлердің тапшылығы мәселесін
шешу, шаруаларға ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және өнім өткізуге жағдай жасау.
4. Медициналық қызмет. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияны қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету, дәрігерлердің тұрақты қабылдауын бақылау, аудандық ауруханаға қатынауды жеңілдету.
5. Білім, балалар және жастар. Мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи балалар ойын алаңдарын
салу, жастардың спортпен және мәдениетпен айналысуына жағдай жасау.
6. Әлеуметтік қолдау. Қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік
көмектің дер кезінде жетуін қадағалау, әлеуметтік осал топтардың өтініштерін тікелей бақылау.
7. Тазалық пен абаттандыру. Тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығаруды ұйымдастыру, заңсыз қоқыс полигондарына
жол бермеу, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылды көгалдандыру.
8. Халықпен ашық байланыс. Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, өтініш-тілектерді бюджетті жоспарлау кезінде
ескеру, атқарылған жұмыстар туралы халық алдында ашық есеп беріп отыру.
Құрметті сайлаушылар! Сіздердің пікірлеріңіз – менің жұмыс бағдарламамның негізі. Әр шешімім – Көгершін мен
Қосапан ауылдарының игілігі үшін қызмет ететін болады. Маған сеніп дауыс беріңіздер!

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий