ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

12 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Қожаберген Айгүл Алдабергенқызы 1994 жылдың 18 қаңтарында Жақсылық ауылында дүниеге келген. 2015 жылы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген.
Білімі – жоғары. 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің педагогика
және психология магистрі атанды. Еңбек жолын 2016 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінде психолог
болып бастаған. 2016-2017 жылдар аралығында «Элай-Құлан» ЖШС-нің тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту
орталығының психологы, 2017-2023 жылдар аралығында «Аида» бөбекжай-бақшасы ЖШС-нің психологы, 2023-2025
жылдары аралығында «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы»
КММ-нің Т.Рысқұлов ауданындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік кеңес беру кабинетінің
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы болып еңбек еткен. 2025 жылдың 4 қарашасынан қазіргі уақытқа дейін «Т.Рысқұлов
ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 4 бала тәрбиеп отыр.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті сайлаушылар! Қоғамның дамуы – әрбір азаматтың өмір сапасынан, отбасының әл-ауқатынан, балалардың
қауіпсіздігі мен болашаққа деген сенімінен басталады. Ауданның өркендеуі үшін тек экономикалық көрсеткіштерді арттыру
жеткіліксіз. Ең алдымен, адамға қолайлы орта қалыптастырып, халықтың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару маңызды.
Мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде Т.Рысқұлов ауданының әлеуметтік дамуына, отбасылардың әлауқатын жақсартуға, әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беруді мақсат етемін.
Еңбек жолымда білім беру, психология және әлеуметтік қолдау салаларында жинақтаған тәжірибем халықтың мұңмұқтажын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бүгінде Отбасын қолдау орталығының басшысы ретінде түрлі әлеуметтік
жағдайға тап болған отбасылармен, әйелдермен, балалармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеп келемін. Бұл қызмет
маған әрбір мәселенің артында адам тағдыры, отбасының үміті мен болашағы тұрғанын көрсетті.
Менің негізгі мақсатым – халыққа жақын, сөзі мен ісі бір, жауапкершілігі жоғары депутат болу.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізігі критерийлері мынадай:
1. Отбасы құндылығы және әлеуметтік қорғау. Отбасы – қоғамның тірегі. Сондықтан отбасылық құндылықтарды
дәріптеу, ажырасудың алдын алу, отбасындағы психологиялық ахуалды жақсарту, ата-ана мен бала арасындағы қарымқатынасты нығайту бағытындағы жұмыстарды қолдаймын.
2. Әйелдерді қолдау және қоғамдағы белсенділігін арттыру. Ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік
бастамаларын қолдау, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіби білім алуына жағдай жасау – назардан тыс қалмауы тиіс
мәселелер. Бұл бағытта мен тиісті жұмыстар атқаратын боламын.
3. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы болашағы. Әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүріп, сапалы білім мен
медициналық көмек алуына жағдай жасалуы қажет. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерекше білім
беруді қажет ететін балаларды қолдау, қосымша білім беру мен спорттық үйірмелердің қолжетімділігін арттыру мәселелерін
көтеремін.
4. Әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету. Көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі
азаматтар, қарттар және көмекке мұқтаж тұрғындар әрдайым назарда болуы керек.
5. Ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту. Аудан орталығымен қатар ауылдық округтердің де дамуына
басымдық беру қажет. Ауыз су, жол, жарық, медициналық қызмет, мектепке дейінгі тәрбие, жастардың бос уақытын тиімді
ұйымдастыру сияқты мәселелер халықпен кездесулер барысында жүйелі түрде көтеріліп, олардың шешілуіне ықпал ету керек.
Депутат болу дегеніміз – тұрғындардың мәселесін тыңдау, олардың талап-тілегін тиісті орындарға жеткізу, бюджет
қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын бақылауға қатысу және қабылданған шешімдердің орындалуына ықпал ету.
Менің ұстанымым – әділдік, ашықтық, жауапкершілік және нақты іс. Ел сенімін ақтау – мен үшін ең үлкен міндет. Бірлесе
әрекет етсек, ауданымыздың дамуына, әр отбасының әл-ауқатының артуына және ұрпақ болашағының жарқын болуына
өз үлесімізді қоса аламыз.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий