ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
ӨМІРБАЯНЫ
Абуталипов Ербол Абақұлы 1970 жылдың 25 шілдесінде Қызылшаруа ауылында дүниеге келген. Мамандығы –
инженер-механик, тарих және география пәнінің мұғалімі. Білімі – жоғары. Еңбек жолын ұстаздық саладан бастап, білім
беру, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару салаларында ұзақ жылдар қызмет атқарған. 2000-2007 жылдар
аралығында Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, 2007-2011 жылдар аралығында аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы, 2011-2013 жылдары
М.Горький атындағы орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарған. 2013-2017 жылдар аралығында Луговой
ауылының әкімі, 2017-2018 жылдары аудандық білім бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры және 2021-2023 жылдары аудандық
мәслихаттың хатшысы қызметтерін атқарған. 2023-2026 жылдары аудандық мәслихат төрағасы болған. «Әділет»
партиясының мүшесі. Аудандық мәслихаттың IV, V және VII, VIIІ шақырылымдарының депутаты ретінде халықтың
мүддесін қорғау, елді мекендердің өзекті мәселелерін көтеру және ауданның дамуына үлес қосу бағытында жұмыс істеген.
Отбасылы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №11 сайлау округінің сайлаушылары! Менің сайлауалды бағдарламамның мазмұны «Әділет» партиясының
құндылықтарына негізделген. Одан бөлек өзім де шынайы патриот ретінде көп мәселеге назар аудармақпын. Әрине басты
назарым – ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, жол мен ауыз су мәселелерін шешу, білім және медицина сапасын
арттыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және жаңа жұмыс орындарын ашуға
бағытталмақ. Мен үшін әрбір бастама нақты нәтижемен өлшенуі тиіс. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстарын ескеріп,
өзекті мәселелердің аудандық даму жоспарлары мен бюджетте қарастырылуына ықпал етуді, қабылданған шешімдердің
орындалуын бақылауды және халық алдында ашық есеп беруді басты міндетім деп санаймын.
Құрметті сайлаушылар! Менің депутаттық жұмысымның негізгі миссиясы – Луговой ауылдық округінің әлеуметтікэкономикалық дамуына ықпал ету, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті
мәселелердің шешілуіне атсалысу. Одан өзге Луговой ауылының ішкі жолдарын жөндеу және асфальттау мәселесін көтеру,
ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және су жүйелерін жаңарту жұмыстарына ықпал ету, шағын кәсіпкерлік пен отбасылық
бизнестің дамуына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бағытындағы бастамаларды қолдау,
жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды ілгерілету, кәсіп бастағысы келетін тұрғындарға мемлекеттік қолдау
бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету, ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын
жақсарту мәселесін назарда ұстау, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуына ықпал ету,
ардагерлер мен қарт тұрғындарға қолдау көрсету, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыруға
атсалысу.
Құрметті сайлаушылар! «Әділет» партиясының қолдауы мен сіздердің маған білдірген сенімдеріңіз – үлкен жауапкершілік,
әрі алға қойған мақсаттарға жетуге берілген күш. Бірлігіміз бен ортақ еңбегіміздің арқасында биік белестерді бағындырамыз
деп сенемін. Халықпен бірге болсақ, кез келген мәселенің шешімін табуға болады. Халықтың сенімі –үлкен аманат!
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР
АБУТАЛИПОВ ЕРБОЛ
АБАҚҰЛЫ
ӨЗ
ТАҢДАУЫҢДЫ
ЖАСА!
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.
