ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ

13 Views

ӨМІРБАЯНЫ
Алкереев Марат Жолдасбекұлы 1968 жылдың 13 қарашасында бұрынғы Ленин, қазіргі Р.Сәбденов ауылында дүниеге
келген. 1990 жылы Шымкент кооперативтік техникумын товаравед мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық
университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 1991 жылы дүкен меңгерушісі
болып бастап, 1996-2006 жылдар аралығында мемлекеттік қызмет пен жергілікті басқару саласында еңбек еткен. 2006–2010
жылдар аралығында Ленин ауылдық округінің, 2010–2012 жылдары Абай ауылдық округінің әкімдері қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, 2018 жылдан бастап Мансап
орталығының Тұрар Рысқұлов аудандық филиалында консультант болып қызмет атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Менің ұсынып отырған бағдарламам
«Әділет» партиясының құндылықтарына негізделеді. Мақсатым – ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жаңа
жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл шаруашылығын қолдауға ықпал ету. Тұрғындардың өтініштерін
назарға алып, өзекті мәселелердің аудандық даму жоспарлары мен бюджетте қарастырылуына күш салу, қабылданған
шешімдердің орындалуын бақылау және халық алдында ашық есеп беру – негізгі міндеттерімнің бірі болмақ. Мен үшін
депутаттық қызмет – халық сенімін ақтау мен ел игілігіне адал қызмет ету. Осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибемді
Ақбұлақ ауылдық округінің дамуына жұмсап, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға нақты үлес қосу. Егерде депутат болып
сайланған жағдайда, Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге басымдық беріп,
төмендегі жобалардың жүзеге асуына ықпал етуді жоспарлап отырмын.
Бәйтелі ауылы бойынша:
Балаларға арналған заманауи ойын алаңын салу, 5 көшеге асфальт төсеу, 2 көшеге көше жарығын орнату, Бәйтелі
ауылындағы электр бағаналарын ауыстыруға ықпал ету.
Қызылшаруа ауылы бойынша:
Ауыл тұрғындарының мәдени тынығуына арналған мәдениет үйінің құрылысын жүзеге асыру, 2 көшеге асфальт жол
салу, Қызылшаруа ауылындағы орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға ықпал ету.
Р.Сәбденов ауылы бойынша:
Серғазиев көшесіне асфальт жол төсеу, орталық Р.Сәбденов көшесінің бойында жаяу жүргіншілерге арналған жол салу,
балаларға арналған заманауи ойын алаңын орнату, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу, балабақша аумағын қоршау
және балаларға арналған ойын алаңын жабдықтау.
Құрметті сайлаушылар! Аталған жобаларды ауданның даму жоспары мен бюджетіне енгізуге ықпал ету, тиісті
мекемелермен бірлесе жұмыс жүргізу және олардың кезең-кезеңімен орындалуын бақылау – депутаттық жұмысымның негізгі
миссиясы болмақ. Сондықтан маған сеніп арта отырып, дауыс беріңіздер.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий